Басты талап – сәулеттік келбет, тазалық

665

0

Қаланың келбетті көркі тазалыққа тікелей байланысты. Алайда, кәсіп иелері мен жеке сектор тұрғындары көше бойларына, көпқабатты үйлердің аулаларына бейберекет қоқыс және құрылыс қалдықтарын тастау әрекеттерін азайтар емес.

Осыған байланысты қала әкімінің тапсырмасына сәйкес шаһардың сәулеттік келбетін қалыптастыру, ғимараттардың сыртқы қасбеттерін ретке келтіру, абаттандыру және көркейту, ең бастысы санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қолға алынды.

Бүгін қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, қалалық сәулет және қала құрылысы және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімдері қала аумағында орналасқан жеке кәсіп иелері мен тұрғындарға аталған бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.