Батыр аналар құрмет төрінен көрінді

590

0

Фото: Жалағаш ауданы

Кеше аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов көп балалы аналарға Қазақстан Республикасының Президентің Жарлығымен «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларын табыстады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауларында ана мен бала жағдайына, еліміздегі демографиялық ахуалына ерекше көңіл бөледі.

Президент жолдаулары аясында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылса, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш өсіп, жәрдемақылар көлемі де арттырылды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарламаға сәйкес, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударыла бастады.

Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік беріп, барлық аналарға көрсетілген көмегі.

Қуанышты сәтке куәгер қонақтар отбасының түтінін түзу ұшырып қана қоймай, ел болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде шексіз еңбегі бар нәзік жандылар қауымын наградаларымен құттықтады.

Бүгінде ауданымызда 1382 көп балалы отбасылар есепте тұрады. Көп балалы ана, наградталғандар саны – 1026. Оның ішінде 44 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталса, 40-ы Кеңестер Одағының «Батыр ана» атағына ие болған аналар, 304-і – «Алтын алқа», 638-і «Күміс алқа» иегерлері.

Жалағаш ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<