Қазақстандағы 29 наурыз сағат 16:35 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Батыс Қазақстан облысында тiркелді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 162 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 4 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, жалпы 267 науқас тіркелді.





