Өткен жылы Қазалы ауданынан 552 тонна бау-бақша өнімдері экспортқа шығарылған болатын. Биыл бұл көрсеткішті 600 тоннаға жеткізу межеленіп отыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев хабарлады.
Биыл ауылшаруашылығы құрылымдары 117 млн. теңге болатын 25 дана техника мен құрал-жабдықтар алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 6 дана алынған.
Биыл аудандық бюджеттен арнайы 38 млн. теңге қаржы бөліп, 4 ауылға трактор алып бердік. Бұл тракторлар ауылдағы ағайынның бау-бақша егуіне және кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау мақсатында алынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<