Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
1973 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған.
1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының № 24 орта мектебін тәмамдады.
1) 1993 жылы – ҚР ҚК кіші офицерлері курсы (Мотоатқыштар әскерлерінің офицері);
2) 1994 жылы – Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі;
3) 2006 жылы – «Қайнар» университеті (Педагогика және психология);
2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (Әскери және әкімшілік басқару);
4) 2019 жылы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (Әскери істегі стратегиялық менеджмент).
Мансап
1991 жылдан 1993 жылға дейін мерзімді әскери қызмет атқарды.
Взвод командирінен бастап Десанттық – шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығына дейінгі лауазымдарда әскери қызмет атқарды.
2023 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы болды.
2024 жылғы 5 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
II дәрежелі «АЙБЫН» орденімен, мерейтойлық медальдармен және «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталған.






