Байқау жүлдегерлері анықталды

304

0

Байқау жүлдегерлері анықталды Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ ұйымдастырған шығармашылық байқау мәресіне жетті.
Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Қызылорда – екі ғасыр куәсі» атты байқау шарты бойынша қатысушыларға Сыр елінің бас шаһары, өткені мен бүгіні туралы әлеуметтік желіде пост жариялау талабы қойылды. Нәтижесінде І орынды әріптесіміз, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Мөлдір Қалымбет иеленді. Ал ІІ орын «Ұстаз мәртебесі» газетінің тілшісі Айдар Сайлауовқа, ІІІ орын «Халық» газетінің тілшісі Рыскелді Жахманға бұйырды.
Ұйымдастырушылар жүлдегерлерді арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапаттады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<