Байқоңырда тағы 5 үй салынады

301

0

Байқоңырда тағы 5 үй салынадыБайқоңыр қаласында биыл тағы 5 үй салынады. Бұл туралы облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов есепті кездесуде мәлімдеді. 

– Байқоңыр қаласында тұрып жатқан азаматтарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше назарда. Соңғы 30 жылда алғаш рет «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылы 50 пәтерлік 5 үй берілді. Биыл тағы 5 үйдің құрылысын бастағалы отырмыз, – деді ол.