Байтақ елдің рәміздері

322

0

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне байланысты «Байтақ елімнің рәміздері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизмді насихаттау, азаматтарда елдің әлеуметтік – экономикалық жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәуелсіздік белгілеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, болашаққа арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
«Байтақ елімнің рәміздері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынып, келген қонақтарға кітапханаға экскурсия өткізілді.