Бегман Көлбаев – 37 жаста

341

0

37 жыл бұрын (1982) «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ (ҚҚСҒЗЖИ) бас директоры Бегман Бақытұлы Көлбаев дүниеге келді, – деп жазады «Қазақпарат». 

Ол «Болашақ» университетін «құрылысшы» мамандығымен, Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығымен, «Болашақ» университетін «есеп және аудит» мамандығымен тәмамдаған.

2003-2004 жылдары Қызылорда облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы, 2004-2009 жылдары Қызылорда облыстық әкімі аппаратының жетекші маманы, бөлім басшысы, 2009-2011  жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2011-2012 жылдары Қызылорда облыстық әкімі аппарат басшысының орынбасары, 2012-2013 жылдары Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған. 2013- 2015 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде еңбек еткен. 2015-2017 жылдары «ҚҚСҒЗЖИ» АҚ бас инженері болған.

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың қыркүйегінен. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<