Бейбіт күннің батыры Сыр елінде

1281

0

Ерлігіне елді тәнті етіп, бейбіт күннің батырына айналған 33 жастағы Сәбит Шонтақбаевты қызылордалықтар әуежайдан зор ықыласпен күтіп алды.

Қызылордалықтардың атынан қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова арнайы барып, көрсеткен батылдығы мен өжеттігі үшін қала әкімінің алғысын жеткізді.

Бейбіт күннің батыры Сыр елінде

Тағдыры қыл үстінде тұрған бүлдіршінді кездейсоқ көріп, ойланбастан баланы құтқарудың қамын жасаған Сәбиттің ерлігі көпке үлгі.

Бүгінде Сәбиттің ерлігі тек қызылордалықтардың ғана емес бүкіл қазақ халқының мақтанышына айналды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<