Бейбітшілік пен келісім шеруі Сыр өңіріне келді

656

0

Фото: Қызылорда Ассамблея

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен бейбітшілік пен келісім шеруі Сыр өңіріне келді.


Татулықты ту еткен шеру қаланың көрікті жерлерімен өтіп, Достық үйіне аялдады. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Башқұртстан Республикаларының азаматтарынан құралған қатысушылар Достық үйіндегі мұражаймен танысты.


Мұнан соң Достық үйінің мәжіліс залында «Еуропа-Азия» Халықаралық Бейбітшілік және келісім маршының делегаттары еркін форматта кездесу өткізді.

Кездесудің алғы сөзі «Қоғамдық келісім» КММ директоры орынбасары Фархат Әбдібағдатұлына және облыстық қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Айгерім Алиеваға берілді.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен достықты дәріптейтін «Еуропа-Азия Бейбітшілік және келісім маршы» Астана қаласынан бастау алып, оңтүстік өңірден өтіп, бүгінгі таңда қасиетті Қызылордаға келіп жетті.
Бұл шерудің басты мақсаты – бірлік туын желбірету.
Қазақстан халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы болып табылады. Осы тұрғыда, бірлік, келісім және өзара қолдау қағидаттарына негізделген бұл шерудің рөлі ерекше, – деді.

Өз кезегінде «ЕУРОПА-АЗИЯ» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруінің атқарушы директоры Руслан Абдуллин Сыр өңірінің ыстық ықыласы мен қонақжайлылығына ризашылығын білдіріп, үлкен қолдау үшін облыс әкімдігіне алғыс білдірді. Сонымен бірге, жүзеге асырып жатқан бірнеше пилоттық жобалар туралы айтып өтті.

Бейбітшілік пен келісім шеруі Сыр өңіріне келді

Қоғамдағы бірлік пен ынтымақты сақтаудың жарқын үлгісін паш еткен іс-шарада шеру делегаттары мен өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері де пікірлерін ортаға салды.

Халық достығын арттыру, отандық өнімді дәріптеу, патриоттықты насихаттау мақсатын көздеген шеру ендігі кезекте Европаға жол тартпақ. Олардың мақсаты – қазақстандық моделді, отбасы құндылығы, мәдениет пен салт-дәстүрді паш ету. Сонымен бірге, халықаралық медиация саласын, яғни халықтық дипломатияны дамыту арқылы, оған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылым мүшелері мен белсенді этнос өкілдерін тарту болып табылады.

Айта кетейік, халықаралық марш елордада басталды және 32 күнге жалғасып, Түркістанда аяқталады. 2 мемлекет пен 17 қаланы қамтуды жоспарлаған шеру биыл 17-рет өтуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<