Bek Air басшылығы ұшақ апатына қатысты өз нұсқаларын айтты

271

0

Bek Air әуе компаниясының Ұшу қызметінің басшысы Ерік Сапаров 27 желтоқсанда Алматыда Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты ішкі тексерудің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұшу қызметі басшысының айтуынша, әуе кемесінің командирі ұшақ пен жолаушыларды аман алып қалу үшін соңына дейін әрекет жасаған.
«Жел – 140, тыныш, 1000 метрден бәрі көрінеді, ерекше құбылыстар байқалмайды. Онда неліктен ұшақ теңселіп, бір қанатынан екінші қанатына ауысып, ауытқиды, бұған алған жылдамдық себеп пе? Біз алдымызда қандай ұшақ ұшқаны туралы деректерді алдық. Белгілі болғандай, алдымызда 90 тоннаға дейін жүк көтере алатын Мәскеуге бағыт алған Air Astana әуе компаниясына тиесілі Airbus 321 Neo ұшағы ұшқан. Енді ұшу уақытына назар аударыңыздар: 01:19 секунд UTC, яғни Алматы уақыты бойынша – 7:19. Оның жылдамдығы – 184 түйін. Біздің Fokker 100 сағат 01: 20 секундта, жылдамдығы 155 түйінмен ұшты. Яғни, арасы – 1 минут, Fokker 100 көкке көтерілгенде алдыңғы ұшақтың ауада қалдырған иірім ізіне барып шатасты, – деді ол.
Оның мәліметінше, ұшақтың апатқа ұшырауына алдында ұшқан ұшақтың түтіні әсер еткен болуы да мүмкін. Екі ұшақтың арасында ұшу уақытының аралығы кем дегенде 2 минут болуы тиіс.
Брифинг барысында «Bek Air» компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов компания атынан апатта қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<