Биыл Қазалыда аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу бағытында 7 жоба қолға алынып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Бүгінгі таңда Бекарыстан би мен Майдакөл ауылдарының арасындағы жол асфальтталды.
Мердігер мекеме «Нұрас и К» ЖШС автомобиль жолына су көздері жақын болғандықтан негізгі жол қабатын күшейтіп, 7,3 шақырымға асфальтобетон қабатын толықтай төседі.
Ендігі кезекте мердігер мекеме жол жиегін бекітіп, жол белгілерін орнату және жолақтарды сызу жұмыстарын атқаратын болады.
Айта кетейік, бұған дейін аудандық маңыздағы Бекарыстан би мен Жаңақұрылыс елді мекендерінің арасындағы 12,3 шақырым жол асфальтталған болатын.
Қазіргі таңда Әйтеке би кенті мен Басықара ауылы, Майдакөл мен Ү.Түктібаев елді мекендерінің арасындағы жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<