Белгісіз ішімдіктен уланғандардың жетеуі де көз жұмды

822

0

Марқұм кеше, 28 мамырда Ертіс аудандық ауруханасынан облыс орталығына жеткізілген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 48 жастағы тұрғын Павлодар қаласының №3 ауруханасының реанимациясына жатқызылған. – Науқас 1974 жылы туған, – деп нақтылады ведомство. – Жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Өкінішке қарай, пациентті құтқару мүмкін болмады.

Осылайша, белгісіз сұйықтықтан уланған жеті адам қайтыс болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, бесеуі қайтыс болды. Кейін ауруханаға жеткізілген тағы бір пациент дүние салған еді.

Айта кетейік, полиция бүкіл көз жұмғандардың Ертіс ауданы тұрғынының үйінде бір ыдыста сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты ішкенін анықтады. Ыдыс алынып, сұйықтықтың қалдығына сараптама жасалатын болды. Зерттеу нәтижесі бойынша өлімнің себебі анықталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<