Береке – бірлікте

359

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Бүгін Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздікке 20 жыл» саябағында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Шараға аудандық мәслихат төрағасы, ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, меценаттар, түрлі этнос өкілдері, кәсіпкерлер мен волонтерлар және мекеме қызметкерлері қатысты.

Аудан басшысы мерекенің маңыздылығына тоқтала отырып, еліміздің көптеген аймақтарында су тасқыны кезінде жұдырықтай жұмылған халықтың ынтымағы мен ауызбіршілігін атап өтті. Өңірлерге гуманитарлық көмек жинап, жөнелтуге атсалысқан азаматтарға алғыс айтып, игі іске жұмылған жандарға шынайы ризашылығын білдірді.

Одан соң, сын сағаттарда бірліктің үлгісін көрсеткен бейбіт күннің батырларына облыс әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Береке – бірлікте

Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов, Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, меценет азаматтар О.Төлепов, А.Рагибовтар ізгі тілектерін жеткізіп, жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

Әрі қарай іс-шара Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында ағаш отырғызу акциясымен жалғасты.

Қармақшы ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<