Ауыл шаруашылығы кооперацияларының құрылуы мал шаруашылығының дамуына дүмпу болды. Соңғы жылдары аймақта 2320 жеке қосалқы шаруашылықтардың басы бірігіп, 84 кооператив құрылды. Нәтижесінде, 801 отбасылық мал бордақылау алаңы мен 385 сүт қоймасы ашылды. Олардың мал шаруашылығы бағытындағы 73-нің 60-ы ет өндіруге, 13-і сүт өндіруге бағытталған. Бұдан бөлек, бүгінгі мал басының барлық түрлерінің өсімі бойынша көрсеткіштер облыс үшін ең табысты болған 1993 жылдан 43 пайызға асты.
Өңірдің буферлік аймақтан шығуы мал шаруашылығы өнімдерін алыс шетелдерге, Араб Әмірліктері, Иран және Моңғолия елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік берді.
Облыста құс етін өндіру ісі де жандануда. Қармақшы ауданында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабриканың құрылысы жүруде. Нысан биыл іске қосылмақ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<