Берері мол семинар
27.11.2018
348
0
27.11.2018
348
0
«Fake» ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда «жалған» деген мағына береді. Соңғы кездері бұл сөз әлеуметтік желілерге қатысты қолданылып жүр. Себебі, қазір түрлі мақсатта ашылған фейк аккаунтар қаптап кетті. Ол арқылы өзгенің парақшасында теріс пікірін тізбектеп, тіпті ар-ожданға нұқсан келтіруге дайын тұратындар бар. «Виртуалды батырдың» мұндай ісінен кейін сіз намысы тапталғандай күй кешіп немесе ашуды ақылға жеңдіруге тырысуыңыз мүмкін. Ал, енді бірі көп күтпей-ақ, құзырлы органга шағымын тастауды құп көреді екен. Мәселен, биыл бірталай фейк орынсыз әрекетінен опық жеп, жауапқа тартылыпты. «Жалғандық жарға жығады» деген осы болар. Оның үстіне қазір ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ресми сайтына жаңа қосымша енгізді. Бұдан былай сіз әлеуметтік желілердегі суицидті, есірткіні насихаттаған, терроризм мен экстремизмге, қатыгездік пен ұлтаралық жанжалға үндеген топтарға және сайттарға шағым білдіре аласыз.31.12.2025
57
0
31.12.2025
52
0
31.12.2025
55
0
31.12.2025
65
0