Бес жасар бала терезеден құлап, мерт болды

519

0

Сурет:depositphotos.com

Ақтөбеде жазатайым оқиға болды. Бес жасар бала терезеден құлап мерт болды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бала бөлмесінде ойнап жүріп, көп қабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап кеткен.

«Жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қаза тапты. Өкінішке қарай, мұндай оқиға биыл облыста бірінші рет емес. Жыл басынан бері жеті жасөспірім бала терезеден құлады, салдарынан бір бала көз жұмды», – деп жазылған өңірлік ПД хабарламасында.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады:

  • кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
  • терезенің шыбын-шіркейлерден қорғайтын торлары баланы қауіптен сақтамайтынын естен шығармаңыз
  • балалардың балконға ересектерсіз кіруіне жол бермеңіз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<