Бетперде киген жігіт халыққа көмек ретінде 1 миллион доллар береді

697

0

Фото: Видеодан кадр

Қара бетперде киіп, қайырымдылықпен айналысып жүрген жігіт еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 1 миллион доллар (450 000 000 теңге) беретінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол бұл қаражатты оқырмандарымен бірігіп жинамақ. 

– Біз қалың қар ерігеннен кейін ең ірі көктемгі су тасқынына тап болдық. Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі сәтте 108 000 адам эвакуацияланды. 5 000-нан аса тұрғын үй су астында қалды, 8 000-нан аса жануар өлді. Табиғи апат Қазақстанмен көршілес Ресейдің Орынбор облысын да зақымдады. Қазір біз су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Біз сіздермен бірге зардап шеккен отбасыларға 1 миллион доллар (450 000 000 теңге) бөлеміз. Еріктілерге, құтқарушыларға, бейжай қарамайтын азаматтарға және басқа елдерден көмекке келген азаматтарға үлкен алғыс білдіреміз. Біз бірге бұл қиындықты жеңеміз және одан да мықты бола түсеміз, – деді бетперде киген жігіт.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<