7 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жауын-шашын жауады, тек солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыста күн райы ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, сондай-ақ солтүстік-батыста бұршақ жаууы ықтимал.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдың жылдамдығы секундына 15-20 метрге үдейді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, Қостанай облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аптап ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<