Бейжіңде қазақстандық балаларға арналған орталық ашылды

347

0

Бейжіңде қазақстандық балаларға арналған орталық ашылды Бүгін Бейжіңде ҚР Сыртқы істер миинстрі Қайрат Әбдірахманов «Балдырған» балаларға арналған даму орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінің Қытайдағы меншікті тілшісі. Қытайдағы ҚР елшілігінің қолдауымен ашылған бұл мекеме ел аумағынан тыс жүрген қазақтілді балаларға арналған алғашқы жеке даму орталығы атанды. Оған қазақстандық дипломаттардың және Бейжіңде аккредиттелген ұлттық компания өкілдерінің ұл-қыздары бара алады. 204 шаршы метр болатын аумақта мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілі, қазақтың дәстүрі мен мәдениеті үйретіледі. Онда тәжірибе, математикалық, тілдік және гимнастикалық деп аталатын бірнеше бөлім бар. Дамыту орталығы жұмыс күндері 08:00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Қосымша ағылшын тілі, хореография, ән салу және бейнелеу өнері үйірмелері жұмыс істейді.

«Қазіргі уақытта орталықта 13 тәрбиеленуші бар, онда қазақстандықтар ғана емес, Қырғызстан балалары да бар. Орталық Азия елдері біздің орталыққа үлкен қызығушылық танытып отыр», – дейді Балаларға арналған даму орталығының басшысы, психолог-педагог Назгүл Назарбекова.
Бейжіңде қазақстандық балаларға арналған орталық ашылды Қытайдағы ҚР елшілігі келтірген деректерге сәйкес, Бейжіңде 90-нан астам мектеп жасына дейінгі қазақ балалары тұрады.
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев және қазақстандық дипломаттар мен «Цзиньтай» музейінің қызметкерлері Бейжіңнің «Чаоян» орталық саябағында орналасқан Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Дереккөз: inform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<