Алматы полициясы куәлігін жоғалтқан адамдардың мойнына несие ілген алаяқты іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Алматы қаласында ер адам өзгелердің жеке куәлігін пайдаланып, екінші деңгейлі банктерде 2 млн теңгеден аса несие рәсімдеген. Жапа шеккендердің көпшілігі жеке куәліктерін жоғалтқан болып шықты. Бұл адам туралы ақпаратты білетін жандар болса 254-48-00; 54-48-03; +7-708-337- 85-17 немесе 102 телефонына хабарласуын сұраймыз», – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.






