Бүгін Дипломатиялық қызмет күні

432

0

Бүгін Дипломатиялық қызмет күні Бүгін Қазақстанның Дипломатиялық қызмет күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 1992 жылдың 2 шілдесінде Елбасының Жарлығымен еліміздің Сыртқы істер министрлігі құрылған еді.
 Ал «ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» №3827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 1 шілдедегі № 837 Жарлығымен кәсіби және өзге де мерекелер тізбесінде 2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні деп толықтырылған. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың  20 маусымында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
 Аталған заң дипломатиялық қызмет органдарының тиімділігін жоғарылатуға бағытталған. Қазақстан барлық БҰҰ елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған соң, ең ірі әлемдік және аймақтық деңгейдегі ұйымдарға мүше атана бастады. Бүгінде Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі және басқа да халықаралық ұйымдардың белді мүшесі. 2017-2018 жылдарға БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланды. Атап айтқанда Тәуелсіздік жылдарында  Қазақстан Республикасын дүниежүзінің мемлекетері таныды. Осы орайда, шетелдерде Қазақстанның дипломатиялық және консулдық өкілдіктер жұмыс істеуде. Сәйкесінше, Алматы мен Астанада шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<