Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман күтіледі

291

0

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шеткі солтүстік бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын жауып,желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, шеткі солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі деп хабарлайды РМК «Қазгидрометке» сілтеме жасаған NUR.KZ

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен болады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күші 15-20 м/с болады.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағаны облыстарында, түнде Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<