Бүгін – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

307

0

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты шара өткізді.

Аталған шарада «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мақсұт Нәлібаев, департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов және «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Шерияз Жалғасбек сөз сөйледі.

Сонымен қатар, шарада сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<