Бүгін елордадағы Парламент Мәжілісінің ғимаратында Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы сағат 10:00-де басталады.
Айта кетсек, бірлескен отырыс туралы тиісті Өкімге ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қойған болатын.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 15 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», – делінген онда.
Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында 8 маусым күні жарияланды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<