Бүгін – Рождество мерекесі

118

0

Бүгін христиандар Рождество мерекесін атап өтеді. 7 қаңтар әлемнің 100-ден астам елінде мемлекеттік мейрам болып бекітілген. 
Рождество тарихы осыдан екі мың жыл бұрын Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен басталған. Міне, содан бері христиандар 20 ғасыр бойы тойлап келеді. Иисус туған сәтте аспанда ерекше сәбидің дүниеге келгенін паш еткендей жарық бір жұлдыз пайда болды деседі. Сондықтан да осы түні дінге сенушілер шіркеуге барып, дұғасын оқып, сол бір жарық жұлдыздың көрінуін күтеді.
Бұл мейрамда барша христиандар бір-бірін құттықтап, жылы сөздерін, игі тілектерін арнап жатады.