Бүгін «Жігіттер» квартетінің ән кеші өтеді

2089

0

Биыл «Жігіттер» квартетінің  құрылғанына – 15 жыл.  Елге «Ерке қыз» әнімен танымал болған топ 2003 жылы «Арай-2003» байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болған. Содан бері сері «Жігіттердің» өнері ел көңілінен шығып, қазақтың ән қорын сапалы да мағыналы туындыларымен толықтырып келеді.  Қазір Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев, Мырзахан Махановтан құралған топ сахна мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып, қазақ әнін биікке көтеріп жүр. 

Бүгін «Жігіттер» квартеті «Студенттер сарайында» 15 жылдық мерейтойға орай ән кешін өткізбек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<