Бүгінгі талап – бәсекеге қабілеттілік

215

0

Абылайхан атындағы №140 орта мектебінде “Жаңартылған білім беру бағдарламасы – оқу үдерісі мен тәрбие берудегі құндылықтары” тақырыбында облыстық-инновациялық семинар өтті. Жаңартылған білім беру жағдайында НЗМ оқу бағдарламаларын оқу үдерісіне енгізіп, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шарада мұғалімдер жаңаша іс-тәжірибелерін бөлісіп, пәндерді ағылшын тілінде оқыту үлгісін көрсетті. Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова қатысты.
– Жалпы еліміз 2016 жылдан бері жаңартылған білім беру бағ­дар­ламасына көшкен болатын. Қазіргі таңда ұстаздарымыз бұл бағыт­ты толық меңгерді. Сондықтан уақыт талабына сай жаңаша білім маз­мұнымен сабақ бере отырып, балалардың рухани танымын арт­ты­руға, жеке қабілетін ашуға, сондай-ақ, функционалдық сауат­ты­лығы мен сандық технологияны меңгеруіне барынша жұмыс жаса­уымыз керек,– деді басқарма басшысы.
Семинарға  қатысқан Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың профессорлары Меруерт Аңсатова, Рабиға Иген­баева, қала әкімінің орынбасары Б.Нуридинов, осы мектептің түлегі, «Казинтерсервис» компаниясының бас­шысы Төлебай Төлепов білім ошағында атқарылып жатқан жаңа­шыл жұмыстармен танысты.
Мектеп директоры Айгүл Мұса­баева шараның мазмұны жайлы қысқаша баяндап, қоғамдық тәрбие, ғылыми ізденіс және оқу-әдістемелік бөлімдер бойынша бірнеше жобалар жүзеге асырылып жатқанынан хабардар етті. Шара аясында ғұлама ғалым Әл Фарабидің 1150 жылдығы, «Алтын Орданың» 750 жылдығы және хакім Абайдың 175 жылдығын дәріптеу мақсатында сахналық қо­йы­лым көрсетілді. Қойылымда жо­ғарыда аталған тарихи тұлғалардың образдары көрініс беріп, олардың жас ұрпақты терең білім мен тәлім-тәрбиеге шақырған тағылымды сөздері назарға ұсынылды. Сондай-ақ, жас ұстаздар хоры Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, табиғатты сүю, туған өлкенің тылсымын тануға шақырды.
Осы орайда мектеп түлегі, «Казинтерсервис» компаниясының басшысы Төлебай Төлепов жаңадан ашылған «Косморобототехника-ани­мация» кабинетін инновациялық, инте­грациялық үлгідегі құрыл­ғылар­мен жабдықтап берді. Айта кетейік, ол бұған дейін де жаратылыстану бағытындағы оқу бөлмелерін жаб­дық­тауға демеушілік жасаған еді. Жаңа үлгіде ашылған кабинетте оқушылар өздері құрастырған робот­тардың мүмкіндігін таныстырды.
Шара барысында куә болға­ны­мыздай, мұнда мектеп ұстаздары мен оқушылар, ата-аналар арасында тұрақты байланыс орнатылған. Ай­талық, «Жүрегімдегі бір үзік сыр» жобасында оқушылар өздерін тол­ған­дырған ой-пікірлерін ұстаздар қауы­мына жеткізеді. Жазбаша ұсы­нылған өтініштер мен ой-пікірлер жи­нақталып, тиісті жауабы беріледі. Сол сияқты, «Адалдық алаңы», «Уи­ки­педия» «Туған жерге тағзым», «Ата-ана жұмысында бір күн», тағы басқа әлеуметтік жобалар аясында оқу­шы­лар­дың нәтижелі жұмысы көрініп тұр.  
Облыстық-инновациялық семи­нар­да осындай жаңашыл жұ­мыс­тар насихатталып, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты.
Ғазиза ӘБІЛДА

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<