Бидайға алғашқы орақ түсті

572

0

Бүгін Дауылкөл ауылдық округіндегі «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабында бидайға алғашқы орақ түсті.

Алғашқы орақ салу рәсіміне аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков  және жергілікті ардагерлер мен дихандар қауымы қатысты.

Аудан басшысы өңірдің экономикалық дамуында ауылшаруашылығының алатын орны ерекше екенін тілге тиек етіп, жыл сайын егіннен мол өнім жинап, ауданның мерейін тасытып жүрген «Тұрмағамбет» ЖШС дихандарына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков пен бірқатар ардагерлер ізгі тілектерін жеткізіп, батасын берді.

Айта кетейік, «Тұрмағамбет» ЖШС бойынша биыл 1700 гектар күріш дақылын, 50 гектар жаздық бидай, 267 гектар жоңышқа дақылын, 301 гектар ескі жоңышқа, 237 гектар мақсары орналастырылды.

Бүгінгі таңда ауыл бойынша егін орағына қатысатын 28 трактор, «МагДон» (жатка) 5 дана, комбайн 6 дана, арнайы техникалар 12, трактор тіркемесі 22 дана толықтай жөндеуден өткізіліп, егіс алқаптарында жұмыс атқаруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<