Білім саласының бюджеті екі жылда 67 пайызға артты

638

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы кеңейтілген мәжілісте өзекті мәселелер талқыланып, алдағы міндеттер белгіленді.

Аймақ басшысы білімді дамыту, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау, бала өмірі мен қауіпсіздігі қашанда маңызды екеніне тоқталды.

Саланың биылғы бюджеті 291 млрд. теңгені құрап, екі жылда 67 %-ға артты. Бюджет 2021 жылы 174 млрд теңге, 2022 жылы 206 млрд.теңге, 2023 жылы 278 млрд теңге немесе облыс бюджетінің 44,8 пайызын құрады.

Жыл көлемінде білім саласына бөлінетін қаржы көлемі едәуір ұлғаяды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен «Педагог мәртебесі туралы» арнайы Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. 2020 жылы сала қызметкерлерінің табысы орта есеппен 215 мың теңге, 2024 жылы 430 мың теңге болды. 2023 жылғы қыркүйек айынан балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Бұл – ұстаздарға деген айрықша құрмет, білім саласына жасаған ерекше қамқорлық.

Облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов білім мен тәрбие беру, педагог кадрлардың біліктілігі, тағы басқа мәселелер қамтылған баяндама жасады.

Мәжіліс барысында ҰБТ тапсыруға дайындық, оқушыларды сапалы білім, толыққанды демалыспен қамтамасыз ету, жаңа мектеп, шығармашылық орталықтарын салу, кадрлық мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<