Білімді ұрпақ-беделді тұлға

512

0

Фото: ашық дереккөз

«Болашақ» университеті білім беру, бизнес, инженерия, ауыл шаруашылығы және өзге де Қызылорда облысына қажетті мамандықтар бойынша кадр даярлауда. 25 жылдық тәжірибесі бар университет ғаламдану жағдайындағы әлемдік нарықтың өзгермелі күйіне бейімделе алатын, қисынды ойлауға қабілетті мамандарды даярлап, жұмыс берушілердің қажеттілігін қанағаттандыруға тырысуда.

Университет тарихы 1995 жылы Сыр өңірінде Мәскеу Халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетінің филиалы болып ашылған кезден бастау алады. Университет беделінің артуы студенттер санының ұлғайып, жаңа мамандықтар ашылуына негіз болды. 1998 жылы университет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің филиалы ретінде жұмыс істеуін бастады. 1999 жылы ҚР «Білім туралы» Заңының қабылдануымен, оқу орны дербес тәуелсіз Қызылорда «Экономика, статистика және информатика» университеті болып қайта құрылды. 2000 жылы университеттің бір бөлімшесі ретінде колледж ашылды.

2001 жылы мемлекеттік лицензия алынып, жоғары оқу орнының атауы «Болашақ» университеті болып өзгертілді. Сол жылдан бері техник, педагог және өнертанушы мамандары да даярлана бастады.

Кейінгі жылдары университет жаңа мамандықтарға лицензия алып, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістіктері өндіріске енгізіліп келеді.

Болашақ университеті ‒ ғылым мен техниканың озық жетістіктерін өндіріске енгізуге ықпал ететін заманауи ғылыми және зияткерлік орталық.

Бүгінгі таңда «Болашақ» университеті – студенттердің оқу процесін, тұрмысын, өмірі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін тамаша жағдайларды қамтамасыз ететін инфрақұрылымы дамыған жоғары оқу орны, онда 39 мамандық бойынша 5 мыңға жуық студент білім алуда. 14 қабатты заманауи оқу ғимараты заманауи зертханалармен, лингафондық кабинеттер, компьютерлік және интернет-аудиториялар, интерактивті тақталар, электрондық оқу залдармен жабдықталған.

6В01702 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті ББ бойынша студенттерді даярлауды ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 14.03.2018 ж.берген № KZ41LAA00011297 мемлекеттік лицензия негізінде «Филология, журналистика және тарих» кафедрасы жүзеге асырады.

6В01702 (5В012200)  – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті БББ негізгі мақсаты:

– патриотизм, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет рухында тәрбиелеу;

– жалпыадамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру;

– экологиялық, дене шынықтыру, этикалық, құқықтық мәдениет пен ойлау мәдениетін қалыптастыру:

– бакалаврдың тілдік дайындығы;

– кәсіби қызметте қажетті іргелі білімді, дағдыларды қалыптастыру;

– жалпы білім беретін мектептер, орыс тілінде оқытпайтын ТжКБ ұйымдары үшін бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.

БББ профессор-оқытушылар құрамы ғылым кандидаттары мен білікті ұстаздардан құралған. Атап айтсақ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Е.Шумейко, филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Л.В.Спасова, п.ғ.к., аға оқытушы А.Ж.Абдукаликова өскелең ұрпаққа білім беруде. БББ әрбір профессор-оқытушысы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарға қатысу тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды ұдайы ұйымдастырып отырады. Нәтижесінде соңғы 5 жылда студенттер республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жетістіктерге жетуде. Профессор-оқытушылар құрамы университеттің  және жоғары мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастыруға ат салысады. Профессор-оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері элективті курстар, диплом жұмыстарын дайындау, оқу құралдарын, ғылыми мақалалар, оқу-әдістемелік кешендер жазу аясында оқу процесіне енгізіледі.

Университет академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушылары немесе оқытушы-зерттеушілер оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңде (семестрге немесе оқу жылына) өзінің білімін жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнына ұтқырлық бағдарламасы бойынша барып, оқуға мүмкіндік алады. Университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы жұмыс істейді: сыртқы (халықаралық) ‒ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу және ішкі (ұлттық) – қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алу. Академиялық ұтқырлық аясында еліміздің жоғары оқу орындарының студенттеріне біздің университетте оқуға мүмкіндік беріледі.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6В01702 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті БББ 2-курс білім алушылары З.Жанболат, А.Жалгасканкызы 25 наурыз-24 мамыр 2024 ж. аралығында Өзбекстан Республикасы, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алып жатыр.

2022-2023 оқу жылының 1-академиялық кезеңінде университет ректорының Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6В01702 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті  БББ 2-курс білім алушысы М.Әбдірауышова

2023-2024 оқу жылының 1-академиялық кезеңінде университет ректорының Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6В01702 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті  БББ 2-курс білім алушылары Н.Берікқызы, Н.Қосмұратова Шымкент қаласындағы Орталық Азия Инновациялық университетіне оқуға жіберілді.

Осы оқу жылының 2-академиялық кезеңінде Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6В01702 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті БББ 2-курс білім алушылары Н.Рахымбаев, А.Әбдеш Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университетіне оқуға жіберілді.

Болашақ университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Сырдария» университеті, «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Yessenov University), Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, «Халықаралық Тараз инновациялық» институты, Баишев университеті, Қырғызстан Халықаралық университеті арасында білім алушылар алмасуларын жүргізеді. Білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша тиісті мамандардың базалық білімі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы мамандық шифры оқытып жүрген пәндеріне, мамандықтарына сәйкес, ПОҚ 100% 72 сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

БББ порфессор-оқытушылар құрамы педагогикалық түрлі әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отырып, әрбір студентке білім мен тәрбиені қатар дарытып келеді.

Білімі терең, кәсіби біліктілігі жоғары түлек туған елге университет қабырғасында алған білімі білігін сала қызмет жасайтынына бек сенімдіміз.

Жазира Нұрсұлтанқызы

«Филология, журналистика және тарих»

кафедрасының меңгерушісі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<