Шиелі ауданы Ақтоған ауылында тұратын Сейітжановтар әулетінің 8 келіні бір мезетте сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Ел болашағы үшін маңызды күнде бірліктің үлгісін көрсеткен әулеттің келіндері кезектен тыс Президент сайлауында таңдау жасады.
Саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан әулетке сыйлық берілді.
Жиделіарық ауылының тұрғындары Нұрқанат Сүлейменов пен Ақниет Қосымова Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауы күні отбасын құрып отыр.
Олар елмен бірге кезекке тұрып, өз дауыстарын берді. Жас жұбайларды құттықтап, тілегін білдірген сайлау комиссиясы оларға сыйлық тарту етті.
Төремұрат Нысанбеков пен Уәлиханды Есеновты Жиделіарық ауылдық округі бойынша учаскелік сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашадағы сайлаудың ең жас дауыс берушісі деп таныды.
Төремұрат пен Уәлихан бүгін алғаш рет ауқымды саяси шараға қатысып, дербес таңдауларын жасады.
Сондай-ақ, бүгін кент тұрғыны Дархан Маратұлы «Инватакси» қызметін пайдаланып, өз сайлау учаскесіне кедергісіз баруға мүмкіндік алды. Ал, Алғабас ауылының көкпаршылары №295 сайлау учаскесіне атпен келіп, дауыс берді.
Айта кетейік, Шиелі ауданы бойынша 40 сайлау учаскесіне, 48 402 сайлаушы тіркелген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<