«Бір күн бұрын анасынан айрылған»: Өзбек дзюдошысынан жеңілген жапондық өкіріп жылады (видео)

7072

0

Фото: видеодан алынған кадр

Даңқты жапон дзюдошысы Ута Абэ өзбекстандық Диора Келдиоровадан жеңіліп қалғаннан кейін көз жасына ерік берді. Оны тіпті, бапкері де жұбата алған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абэнің жылайтындай жөні бар. Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған жапон қызы Токио Олимпиадасының чемпионы. Ол осы Олимпиаданың басты фавориті саналған еді.

Ал, өзбек дзюдошысы оны иппон әдісімен жеңді.

Абэ татамиде барынша сабыр сақтап, эмоциясын білдірмегенімен, бапкерінің жанына барғанда өкіріп қоя берді. Залға жиналған жанкүйерлер болса оны шапалақпен шығарып салды.

Айта кету керек, Келдиорова әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<