Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлайды: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми түсіндірмесіне қарамастан, желіде ҚР бір уақытта бірнеше жерде жұмыс істеуге тыйым салынады деген жалған ақпарат әлі де таралып жатыр.
Еске саламыз:
– Еңбек кодексіне соңғы түзетулер 2015 ж. енгізілген. Алайда жұмыс қызметін қоса атқару тәртібі оған дейін де қолданыста болған.
– Заң бойынша азамат әртүрлі жұмыс берушілерде еңбек ете алады, бірақ жалпы жұмыс уақыты тәулігіне 12 сағаттан аспауы тиіс (негізгі жұмыста – 8 сағат, қосымша жұмыста – 4 сағатқа дейін).
– Шектеулер тек кәмелетке толмағандарға, ауыр және зиянды өндірістерде істейтін қызметкерлерге (медициналық қызметкерлерден басқа) және мемлекеттік қызметшілерге қатысты қолданылады.
Вице-министр О.Анафин атап өткендей, жұмыс берушілерді тексеру тыйым салумен емес, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі арқылы рәсімдеумен байланысты.
Бұл жүйе қызметкерлердің құқықтарын қорғайды және еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді.










