Біреудің көлігін мас күйінде ұрлаған

450

0

Өткен сенбіде түнгі сағат 23:23 шамасында облыстық Полиция департаменті Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің «102» арнасына аудан тұрғыны қоңырау шалып, үйінің алдында тұрған «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігінің ұрланғандығы туралы хабарлаған.
Қаскүнемді ұстау мақсатында Жаңақорған аудандық полиция бөлімі «Тосқауыл» жоспарын жариялады. Полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті аудан көшелерінің бірінен тапты. Анықталғандай, көлікті айдап кеткен күдікті басқару жүйесіне ие бола алмай, жол жиегінде аударылып, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Оқиға орнында 43 жастағы аудан тұрғыны ұсталып, тексеру барысында жүргізушінің көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<