Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он бірінші турының алдын-ала екі ойыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғашқы кездесуде «Қайсар» Қызылордада осы қаланың «Байқоңыр» командасымен бақ сынасты. Турнир кестесінде «Қайсар» бірінші орында келе жатса, «Байқоңыр» соңғы орынды місе тұтты.
Бүгінгі ойында «Қайсар» сапынан Елжас Алтынбеков (5-минут), Кирилл Сидоренко (11-минут), Дидар Жалмұқан (73-минут), Адама Диалло (81, 90-минуттар) мергендік танытты. Нәтижесінде олар қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл – «Қайсардың» биылғы доп додасындағы жетінші жеңісі. Тағы бір кездесуде Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында Шымкенттің «Оңтүстік Академия» клубына 2:3 есебімен жол берді.
Аталған турдағы қалған ойындар 9 шілдеге белгіленген. Енді 8-тур ойындары 18-19 маусым күндері өтеді. Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогы ойындарының кестесі жарияланды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<