Бірлігі жарасқан елдегі мереке сән-салтанатты аталып өтті

949

0

«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» мерекесі Сырдария ауданында аталып өтілді.

Аудан тұрғындарын бірлік мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Тәуелсіздік жылдарында 130-дан астам ұлттың басын біріктіріп, татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі болған Қазақстан – ұлтаралық келісімнің үздік моделіне айналғанын атап өтті.

Бірлігі жарасқан елдегі мереке сән-салтанатты аталып өтті

– Еліміздегі тыныштық пен келісімді бекітуге сырдариялықтардың қосып келе жатқан үлесі зор. Бүгінде ауданда орыс, кәріс, неміс, татар, өзбек, украин, қырғыз, молдаван, башқұрт, түрікмен, беларус, сынды 11 түрлі ұлттан барлығы 453 адам тату-тәтті өмір сүруде. Бір үйдің баласындай татулықты ту еткен бауырластар аудан экономикасының өркендеуі мен әлеуметтік ахуалының жақсаруына атсалысып келеді, – деді.

Ауданда этносаралық қатынастарды үйлестіріп, ұлттардың тілі мен дәстүрін ұлықтауды мақсат еткен арнайы бірлестіктер жұмысы жолға қойылған. Достықты ту еткен аудандағы этнос өкілдерінің ішінде Республикалық дәрежедегі шараларда мерейді асқақтатып жүрген Константин Луца, республикалық ән байқауларында жеңімпаз атанып жүрген Мясцов Никита және де өзге ұлттардың басын біріктірген «Достығымыз жарасқан» қоғамдық бірлестігінің мүшелері облыстық, аудандық шараларымызда сахна төрінен көрініп жүр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<