Бірнеше өндірістік нысандардың жұмысымен танысты

98

0

Фото: Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының төрағасы Мақсат Тұрлыбаев Қызылорда облысына жұмыс сапармен келді.

Сапар барысында Қызылорда облысындағы бірнеше өндірістік нысандардың жұмысымен танысты. Оның ішінде құны 3,1 млрд теңге құрайтын «Қызылорда-Нан» серіктестігінің дайындығын бақылады. Жаңадан ашылғалы жатқан кешеннің негізгі мақсаты нан-тоқаш, печенье, макарон және кондитерлік тауарларды өндіру.

Кәсіпорын басшылары өнімдердің сапасына ерекше назар аударатынын атап өтті. Сондай-ақ, тауарларды өңдеу мен қаптау процестері де көрсетілді.

Сапар соңында М.Тұрлыбаев цехтың жұмысына баға беріп, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.