Бірнеше шағын ауданда уақытша су болмайды

584

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қызылорда қаласы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!

2025 жылдың 16 сәуір күні сағат 20.00-ден бастап 17 сәуір күнгі сағат 06.00-ге дейін қала орталығының, Тасбөгет кентінің, «Саяхат», «Астана», «Саулет», «СПМК-70», «Сырдарья», «Ипподром», «Арай», қаланың «Сол Жағалауы», «КБИ», «Мұнайшы», «Шанхай», «Коммунизм», «Аль-Фараби», «Титов», «Гагарин» тұрғын аудандарының орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осы жұмыстарға байланысты:

– 2025 жылдың 16 сәуір күні түнгі сағат 23.00-ден 17 сәуір күні түнгі сағат 01.00-ге дейін қала орталығының, Тасбөгет кентінің, «Саяхат», «Астана», «Саулет», «СПМК-70», «Сырдарья», «Ипподром», «Арай», қаланың Сол жағалауы тұрғын аудандарының ауыз су жүйелеріне

– «Шанхай», Коммунизм», Аль-Фараби, «КБИ», «Мұнайшы» тұрғын аудандырының орталық ауыз су жүйелеріне 2025 жылдың 16 сәуір күні кешкі сағат 21.00-ден 24.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылатын болады.

Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз.

Ведомстволық мекемелерде 2025 жылы 17 сәуір күні сағат таңғы 06.00-ден бастап суды ағызып хлордың иісі толық жойылғанға дейін жауапты кісілерді бекіту қажет.

Көп қабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін Меншік Иелері Бірлестіктері мен көп қабатты тұрғын үйлерге жауапты мекемелерін өжіре ішіндегі таратушы ауыз су құбырынан тазарту жұмыстарынан кейінгі құбыр ішіндегі шөгінді қалдықтар тазарғанша 10-15 минут ағызып жіберулеріңізді ескертеміз.

ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<