Бірқатар міндеттер пысықталды

2

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды.

Осыған сәйкес аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Шерхан Есжановтың төрағалығымен жиын өтіп, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты бірқатар міндеттер нақтыланды.

Биыл ауданымыздағы жол құрылысын дамытуға 4 млрд 240 млн теңге бөлініп, 31 шақырымға жуық жол жөнделуде. Жыл соңына дейін жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 56,9 пайызға жеткізу жоспарлануда. Аудан әкімінің орынбасары Ш.Есжанов жол құрылысы жобалары бойынша бөлінген қаржының сапалы әрі толық игерілуін қамтамасыз етуді жауапты тұлғаларға тапсырды.

Сонымен бірге, жиында жол қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалмады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында беймезгіл уақытта сапарға шықпау, жылдамдықты асырмау, сондай-ақ арнайы бөлімдермен бірлесіп жолдағы көлік қозғалысын бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Шерхан Жұбаханұлы қоғамдық-саяси ахуал бойынша да бірқатар мәселелерді назарға алып, алдағы уақытта кемшіліктерге жол берілмеуі керектігін жеткізді. Кез келген ахуалдың тұрақтылығына қатаң бақылау жасалу керектігін айтып, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.

Арал ауданы әкімдігі