Бірыңғай уақыт белдеуі жол апатының көбеюіне әсер етті ме

572

0

Фото:depositphotos.com

«Уақытты кері қайтару» петициясын қарау бойынша құрылған жұмыс тобының екінші қоғамдық тыңдауы өтті. Сауда және интеграция министрлігінде сарапшылар петиция авторы тарапынан қойылған энергия тұтыну мен шығындардың өсуі, уақыт ауыстырудың денсаулыққа әсері, ЖКО санының көбеюі сынды сұрақтарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Талқылауға Парламент депутаттары, петицияның бастамашысы, қоғамдық бірлестіктер мен сараптамалық қауымдастық өкілдері, денсаулық сақтау, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, төтенше жағдайлар, еңбек және әлеуметтік қорғау, сауда және интеграция министрліктері мен басқа да мемлекеттік органдар қатысты.

Петиция авторының бірінші талқылау отырысында жолдаған сауалдарына сала мамандары жауап берді.

Сондай маңызды тақырыптың бірі – «Бірыңғай уақыт белдеуі: Жол апатының көбеюіне әсер етті ме?»

Ішкі істер министрлігінің департамент бастығының орынбасары Қайрат Раушановтың айтуынша, уақыт өзгерісі жол-көлік оқиғасына айтарлықтай әсер етпеген.

«Соңғы үш жылда жол-көлік оқиғаларының саны біршама өскен. Талдау көрсеткендей, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу ЖКО динамикасына айтарлықтай әсер етпеді. ЖКО-ның негізгі себептері – жол жүру ережелерін бұзу, жолдардың жағдайы, көлік құралдарының техникалық жағдайы, ауа райы жағдайлары және адами фактор. 2024 жылдың алғашқы алты айында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың азаюы тіркелді», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<