Бішкекте туды өзгертуге қарсы наразылық акциясы өтті

544

0

Фото: kaktus.media

Қырғыз елінің астанасында М.Горький атындағы саябақта мемлекеттік туды өзгертуге қарсы наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды Kazinfom. 

Бейбіт митингіге жиналған 50-ден астам адам Жогорку Кенеш депутаттарының еліміздің мемлекеттік рәмізіндегі күн сәулесінің бейнесін өзгерту туралы шешімімен келіспейтінін білдірді. Акцияға қатысушылар туды ауыстырмауды және 7 желтоқсанда азаматтық белсенді, бүгінгі акцияның бастамашысы Афтанділ Жоробековті босатуды талап етті. Құқық қорғау органдары оны республикадағы әлеуметтік жағдайды тұрақсыздандыруға және жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны үшін екі ай мерзімге қамауға алған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, қараша айының соңында Жогорку Кенеш депутаттары мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың тұжырымдамасына қатысқан 80 депутаттың 66-сы қолдаса, 8 халық қалаулысы қарсы шықты. Мемлекеттік рәміздегі күн сәулесін өзгерту туралы бастаманы Қырғыз Республикасы Парламентінің төрағасы Нұрланбек Шәкиев пен депутат Улан Примов көтерді. 

Бұған дейін Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың бұл бастаманы қолдағаны хабарланған болатын. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздегі күн сәулесін өзгертуді жақтаған Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Еліміздің мемлекеттік туындағы сәулелердің кескінін алдағы уақытта өзгерту идеясы қырғыз қоғамында қызу талқыланып жатыр. Кейбіреулер оны құптайды, ал басқалары, керісінше, өзгерістерге үзілді-кесілді қарсы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<