Бішкекте жер сілкінісінің сезілуі 6 балл болды

457

0

Фото: assicuraci.it

Қырғызстан астанасының тұрғындары жергілікті уақытпен сағат 00:09-да жер сілкінісін сезінді. Бұл туралы “Кабар” агенттігі хабарлайды.

Сейсмологиялық станциялар мәліметі бойынша зілзала ошағы елдің Қытаймен шекарасында, Ыстықкөл облысы аумағында болған. Бұл тұста дүмпу күші 7 балдан асқан.

Нарын мен Қаракөлде қатты дүмпулер сезілген. Бішкекте сезілуі 6 балл шамасында болған.
Агенттік ақпаратына сәйкес, азғантай уақыттан соң жер қайта сілкінген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 4 балдық жер сілкінісі сезілгенін жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<