Салтанатты рәсімге Қырғыз республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы, мемлекеттік хатшысы және басқа да мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Бішкектің бас алаңында Қырғызстанның жаңартылған мемлекеттік туы көтерілді.
Салтанатты рәсімге Қырғыз республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы, мемлекеттік хатшысы және басқа да мемлекеттік қызметкерлер қатысты, деп жазады qazaqstan.tv.
Қырғызстанның туын өзгерту туралы заңды «Жоғарғы Кеңес» 20-желтоқсанда қабылдады және оған 22 желтоқсанда Президент қол қойған.
Қабылданған заңға сай, Қырғыз Республикасының туындағы күн сәулесі иректен түзу сызыққа өзгертілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<