Биыл 172 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

832

0

Сурет: ашық дереккөз

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау шараларын өткізуге ешқандай шектеу жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес мектептерде оқу мерзімі 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады.

Мектептер салтанатты шара өткізу туралы шешімді де өздері дербес қабылдайды. Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты барлық мектеп дәстүрлерін қолдайды. Сонымен қатар, министрліктің нормативті құжаттарында мұндай шаралар бұрын болмаған және қазір де жоқ екенін атап өтсем деймін», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, биыл 288 мыңнан астам түлек 9-сыныпты тәмамдағалы отыр.

«Биыл 18 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде. Бұл ұйымдарда биылғы оқу жылында 5 миллионнан астам оқушылар мен тәрбиеленушілер білім, тәрбие алды. Осы жылы 288 мыңнан астам түлек 9-сыныптарды тәмамдауда, олар алдағы уақытта 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады. 11-сыныптарды барлық меншік түріндегі мектептер бойынша 172 мыңнан астам түлек бітіруде. Олар енді болашақ мамандықтарын таңдайды», – деді Шолпан Каринова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<