Биыл 3 айда Кіші Аралға 1 млрд 200 млн теңге метр су құйылды

636

0

Фото: egemen.kz

Биыл 3 айда Кіші Аралға 1 млрд 200 млн теңге метр су құйылды. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Кейінгі 12 жылда Кіші Арал теңізіндегі су көлемі 8,5 млрд текше метрге дейін азайып кетті. Өйткені, су жоғарыдан аз келуде. Осыдан 12 жыл бұрын бізде 27 млрд текше метр су бар еді. Қазіргі таңда 18 млрд текше метрден асады.

Жазда су тапшы, ал қыста көп болғанымен Аралға жетпей жатыр. Биыл қаңтар, ақпан, наурыз айларында су шынымен көп болды. Сондықан суды мүмкіндігінше көп алуға тырыстық. Нәтижесінде Аралға алдыңғы жылдардағы 1 жылдық норманы 3 айдың ішінде жібердік. 1 млрд 200 млн текше метр су Аралға барды. Алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс істейміз. Қолға алып жатырмыз», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Оның атап өтуінше, өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сенаттың вице-спикері бастаған сенаторлар өңірде болып, Аралдың жағдаймен танысты. Көкарал бөгетін қайта жаңғыртуға, күрделі жөндеу өткізуге 4,5 млрд теңге бөлуге себепкер болды. Бөгетті жөндеу жұмысы 2024 жылы аяқталады.

«Өңірдегі 21 каналды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Президент тапсырмасына сәйкес, Үкімет резервінен 3 млрд 600 млн теңге қаражат бөлді. Сол қаражатқа каналдарымызды тазаладық. Ескі су құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізіп, қалпына келтірдік. 137 су сорғысын сатып алдық. Су тапшы кезде күрішке осы сорғылардың көмегімен су жеткізетін боламыз. Қазіргі уақытта 21 каналдың 95 пайызы жөнделді. Ары қарай да жұмыс істеліп жатыр. Жылдың соңына дейін аяқтаймыз», — деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<