«Бүгінгі заң жобасында қарастырылған мәселе «Алтын белгі» иегерлеріне қатысты. Өздеріңіз білесіздер, бұл мәселе көптен бері талқыланды. Өткен жылдарда «Алтын белгі» иегерлері грантты алғанда, оның толық басымдылыққа ие еді. Алған ұпайына қарамастан, оларда гранттың иегері атануға мүмкіндіктері болды. Өткен жылы ҰБТ-ның жаңа форматын енгіздік. Осыған сәйкес, аттестатты алу мектеп қабырғасында өтеді, сонымен қатар «Алтын белгіні» де мектеп өзі береді. Яғни, бұл шаралар мектепте тапсырылған емтиханға байланысты. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу бүгінде жаңа функцияға ие. ҰБТ тек қана жоғары оқу орнына түсу үшін жүзеге асырылады. Түлек ЖОО-ға ҰБТ-ны тапсырғанда оның «Алтын белгісі» қолында болады. Енді биылғы ұсыныс аясында «Алтын белгі» иегерлері балл ұпайлары тең болған жағдайда ғана басымдық беріледі», – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.
Осы орайда екі түлек бір мамандыққа бірдей ұпаймен барса, ол кезде грант «Алтын белгі» иегеріне беріледі.
Дереккөз: Inform.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<