Биыл қандай жолдар ақылы болады?

173

0

2019 жылдың қаңтарынан бастап бірнеше автокөлік жолдары ақылы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақылы автожолдарды дамыту бойынша биыл қазан айында Ішкі істер министрлігінің жүйелерімен интеграцияланған Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде ақы алу жүйелері тесттік пайдалануға енгізілді. 2019 жылы қаңтар айының екінші жартысында ақы алуды бастау жоспарланып отыр», – деп түсіндірді  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Оның атап өтуінше, мұнан бөлек, 5,9 мың шақырымда, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде ақы алу жүйесін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төлемдерді жинау жүйесін монтаждауды биыл бастау жоспарланған.

«Жалпы, 2020 жылға қарай ұзақтығы шамамен 6,6 мың шақырым жолда төлем алу жүйесі қосылады», – дейді Жеңіс Қасымбек. 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<