Биыл елімізде қанша астық бастырылады

365

0

«Қазақстанның астық одағы» биыл қанша астық бастырылатындығына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жаңа өнімнен қанша млн тонна астық бастырылады деп күтеміз? Әзірше Астық одағы алдын ала бағалау жасап отыр. Барлық сарапшылар мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жаңа өнімді бағалауда абай болу керектігін, шамамен 14,5 млн тонна бидай бастырылатындығын айтуда», – деді «Қазақстанның астық одағы» Сауда комитетінің басшысы Александр Малов БАҚ өкілдеріне арналған дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, астық өндірісіне қатысты жоспар да өте жоғары.

«Бұл өткен жылдан қалған астық пен экспорттау мүмкіндігіне орай астық өндірісіне қатысты өте жақсы жоспарымыз бар. Жаңа маусымдағы (2023/2024 маркетинг жылындағы) экспорт көлемін 8,5-9 млн тонна мөлшерінде бағалап отырмыз. Бұл өте жақсы көлем. Ендігі мәселе бұл астықты қайда экспорттайтындығымызға қатысты», – ол.

Бұған дейін еліміз 2022/2023 маркетинг жылында астықтың рекордтық көлемін экспортқа шығаратындығын жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<